Назарбаев зияткерлік мектептеріне бөлінетін қаражат азайды
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев зияткерлік мектептерінің оңтайлы тәжірибесі басқа мектептерге дұрыс бағыт беретінін айтты. «Былтырдан бері бөлінетін қаржы 20 млрд теңгеге қысқарды. Осы бағытта жұмыс атқарылып, барлық мәселе қарастырылып жатыр. Осы мектептердің тәжірибесін және осы оңтайлы тәжірибенің ел аумағындағы мектептерге таратылуын жоққа шығармаймыз. Назарбаев зияткерлік мектептері өз деңгейінде брендке айналды. Шетелдік мамандар осы мектептердің тәжірибесін зерделеп жатыр», - деді Ғ. Бейсембаев, - деп хабарлайды Arbat.media.
Министр Назарбаев Зияткерлік мектептері жақсы деңгейде дамып, тәжірибесі басқа да мектептерге дұрыс бағыт беретінін атады.
Мәжілістің жалпы отырысында Магеррам Магеррамов Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетіне неліктен қомақты қаражат бөлініп жатқанын сұраған еді.