“Назгүл мен Құндыздың үйін сатып жіберген”: Ілияс Сариев тағы алдады
Түрмедегі Ілияс Сариевтың тағы бір былығы ашылды, деп хабарлайды Arbat.media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай айтты. 2022 жылдың жаз айында
Ілияс Сариев «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинаған. Кейін баспана алдық деп жарияға жар салады.
"Кімнің есепшотына десеңіздер, айтайын. Әлгі ММ ТРАВЕЛДІҢ ИЕСІ АҚТОТЫ Болатқызының қалтасы майланады. «Елдің үйі» деген тамаша атты иеленген баспанаға секунд сайын қалың қазақ қомақты сомма салады. Ал нәтижесі қандай?”, - деп ойландырды журналист.
Руслан Өтепбайдың айтуынша, Ілияс Назгүл мен Құндыздың үйін Марсбек деген жігітке сатып жіберген. Ал сатып алушы жігіт ол мұқтаждардың үйі екенін білмегенін айтты. Болашақта ол жер қонақ үй болатын көрінеді.
Айта кетейік, 10 сәуір күні «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев алаяқтықпен ұсталып, 2 айға қамалған еді. Ол бір топ адамды қажылыққа жібермеген компанияны жарнамалағаны үшін ұсталды. Алайда Ілияс Сариевтың үстінен арыз түсірушілер қатары күн санап артуда.