Немересін құтқармақ болған атасы да суға кетті
16 маусым 2026 12:30 / Новости Казахстана
Қостанай облысында немересін құтқармақ болған атасы да суға кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олардың денесі іздестіріліп жатыр.
Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылының маңындағы Тобыл өзені жағалауына бір отбасы демалуға табиғатқа шыққан.
Сол кезде ойнап жүрген 6 жасар бала сүрініп суға құлаған. Одан әрі оны ағыс алып кеткен.
Мұны көрген атасы немересін құтқару үшін суға секірген. Алайда өзеннің қатты ағысы екеуін де ағыс бойымен алып кеткен.
Іздестіру-құтқаруға мамандар, арнайы техника, жүзу құралдары мен дрон тартылған.
70 мың шаршы метр аумақ тексерілді.Үш сүңгуір тобы жұмыс істеп жатыр. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.
29 қазан 2026 17:59 / Новости Казахстана
Банк қызметкерлері заңсыз интернет-казиноларға көмектескен
29 қазан 2026 17:44 / Новости Казахстана
«Хакер Атырау» ісі: 12 адамнан 13 миллион теңге алды деп айыпталған адам сотта жауап берді
29 қазан 2026 16:28 / Новости Казахстана
Желтоқсан айынан бастап әлеуметтік төлем алып жүрген азаматтардың табысы банк арқылы тексеріледі.
29 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Бүгінде ерекше білімді қажет ететін 237 мыңнан астам бала бар, деп хабарлайды Arbat.Media.
29 қазан 2026 14:18 / Новости Казахстана
3 қарашада «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталады
29 қазан 2026 13:25 / Новости Казахстана