Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубының иесі атанды
«Ақтөбе» футбол клубының жаңа инвесторы Qazaq Stroy компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл ақпаратты Qazaq Stroy компаниясы растады.
Қазір eGov дерегі бойынша клубтың құрылтайшысы ретінде Ақтөбе облысының қаржы басқармасы көрсетілген.
Ұйымдастырушылық мәселелер мен команданың Даму стратегиясы 2026 жылдың қаңтарында талқыланады.
49 жастағы кәсіпкер Қазақстандағы бірнеше ірі компаниялардың, оның ішінде «Қазақтелеком» және «Qazaq Kalium»-ның үлескері.
Forbes Kazakhstan журналының 2025 жылғы мамыр айындағы нұсқасы бойынша Артықбаев елдегі ең ауқатты 50 бизнесменнің қатарына еніп, 44-орын алған. Forbes деректеріне сәйкес, Артықбаевтың байлығы 228 миллион доллар деп бағаланады.
«Ақтөбе» маусым қорытындысы бойынша 43 ұпай жинап, ҚПЛ турнирінің кестесінде бесінші орынға тұрақтады.