Нұрлан имам тікелей эфирде ақыл айтамын деп сөз естіді

24 қазан 2025 15:41 / Новости Казахстана

Фейсбук қолданушысы Тортуыл Шоқан Нұрлан имамды әбден сынап тастады, деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

"Нұрлан имамның эфирінде 1,4 мың адам отыр. Біреу: "Әке тұрып бала сөйлегеннен без" деген қазақы тәмсілдің мағынасын сұраса, бұл: "ол баланың ер жеткенін білдіреді..." деп, қысқа қайырды. Өресі өріске өзі барып жәйіліп келетін малдан төмен адамдар бар ғой, ә, айтары жоқ.Бұны тыңдап уақыт өлтіргенше, ютубтан Куат Ахметжанов оқыған әңгімелерін тыңдамай ма?Кенесарыны құтқарамын деп қолға түскен Наурызбайдың өлер алдындағы қазаққа айтқан өсиетін ұрпағына жалғар еді.Соңғы жауынгер қазақтың қай жерде өлгенін, қазақ жігіттері арасындағы "қатындықтың" қай ғасырда басталғанын білер еді-ау.Соңғы бес ғасырда қазақ басынан өткерген қиындықтар туралы шығармаларды тыңдасаң бойыңа қан жүгіріп, намысың оянар еді.Маужыраған маубастардың, діни ертегіні тыңдағандарына қаным қараяды", деп жазды ол жеке парақшасында.

Осы тұста фейсбук қолданушылары түрлі пікір жазды. Олардың қатарында да Нұрлан имамды сынағандардың қарасы көп.

"Осындайларға болмағыр сұрақ қойып отыратын қатындардың миын ашып көргім келеді, мидың орнында ми ма әлде мұрын боқ жиналған ба?", "Нұрлан имамның ұтқан жері деңгейі төмен топтың ортасына топ ете түсуі", "Әйтеуір аңқау елге арамза молда болып, жанын бағып жүрген біреу ғой бұл да", деді олар.

Серіктес жаңалықтары