“Нұржанмен арамызда бала бар”: Жұлдызай Дүйсенбиева ел естімеген сырын айтты
Танымал театр актрисасы, әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева Нұржан Төлендиевпен арасындағы ортақ махаббаты мен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Arbat.Media Alash.KZ сайтына сілтеп.
AINUR ASANBERDI YouTube арнасына берген сұхбатында Жұлдызай 15 жылдық тарихы бар Алдараспан театрының директоры Нұржан Төлендиев екеуінің бірге ойнаған рөлдері ел аузында әлі жүргені, соншалықты сендіріп ойнағанда жұрттың өздерін ерлі-зайыпты ретінде қабылдағанын да жасырмады. Жүргізушінің “Нұржан екеуіңді не байланыстырады?” деген сұрағына актриса іркілместен қалжыңмен жауап берді:
Нұржан екеумізді махаббат байланыстырады. Өйткені, арамызда бала бар. Қазір көрерменнің бәрі “Масқара! Айттым ғой! Айттым ғой!” деп отырған шығар.
Артынша, бұған сахнада сенімді серігі болғар Нұржан Төлендиев жайлы өз ойын айтып, “ортақ махаббатқа” теліген сөзін түсіндірді:
Махаббат деп отырғаным… Бұл - біздің екеуміздің театрға деген, сахнаға деген махаббатымыз. Өйткені, Нұржан - сахнаны қатты жақсы көретін актер. Ол әлі күнге дейін сахнадан түспей, сахнаны айырбастамай жүр. Қанша миллиондап, миллиардтап ақша берсе де, киносына түсіре алмай жүр. Сондықтан, өнерге, сахнаға деген махаббат екеумізді қатты байланыстырады. Өйткені, екеуміз ұрысып, қанша талас болып, бір-біріміздің бетімізді көрмей кетіп жатсақ та, сахнаға шыққан кезде біз оның бәрін ұмытып кетеміз. Ойнап, күшті, керемет болып, шығып, қайтадан ұрысуымыз мүмкін. Бұл деген сахнаға, театрға, халыққа деген махаббат.