OpenAI аса шынайы бейнеролик жасайтын жасанды интеллектіні таныстырды

20 ақпан 2024 11:23 / Новости Казахстана

Sora - OpenAI-дың мәтіннен бейне жасауға арналған бірінші моделі. Ол керемет нәтиже көрсетті. Роликтер бір минутқа дейін созылады және камерамен түсірген бейнеден аумайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады.

Қысқаша мәтін арқылы бағыт бере отырып, бірнеше кейіпкерден тұратын күрделі ролик жасауға болады. Мұнда қозғалыс та, табиғат та, сезім де бар. Sora жасаған бір роликте жапон қызы түнгі Токиода келе жатыр.Мәтін былай: «Әдемі әйел неон жарықтары нұр төккен, жарнама бағандары жарқ-жұрқ еткен Токио көшесінде келе жатыр. Оның үстінде қара былғары күртеше, ұзын қызыл көйлек, қара етік, қолында қара сөмке. Қара көзілдірік таққан және ернінде қызыл далап. Ол еркін, сенімді, қамсыз. Көшенің жарқыл-жұрқылы асфальтта жауынның суына шағылысқан. Айналада жүргіншілер».Міне осы мәтіннен Sora күшті бейнеролик жасап берген. Құдды камерамен түсірілгендей, акцент әйелге жасалған, арғы жағындағы адамдар бұлыңғырлау. Сіз де өстіп бейнеролик жасай аласыз.

Серіктес жаңалықтары