Оқушылар сабақ кезінде ұялы телефон қолданса, ата-анаға айыппұл салынады

5 қараша 2025 16:48 / Новости Казахстана

Енді оқушылар сабақ кезінде ұялы телефон қолданса, ата-аналарына айыппұл салынады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқушылардың сабақ кезінде телефон пайдалануына тыйым күшейтіледі. Енді ереже бұзғаны үшін ата-аналар жауап бермек.

«Білім туралы» заңның 47-бабының 10-1-тармағына сәйкес, сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануына жол берілмейді. Заңгерлердің айтуынша, мұғалімдердің оқушылардың телефонын тартып алуға құқығы жоқ. Олардың міндеті — тәртіп бұзушылықты тіркеп, мектеп әкімшілігі мен полицияға хабарлау. Бұл талап «Педагог мәртебесі туралы» заңның 15-бабының 10-тармағында көрсетілген.

Телефон пайдаланғаны үшін айыппұл оқушыға емес, оның ата-анасына немесе қамқоршысына салынады. Ереже бұзғаны үшін айыппұл көлемі 19 660 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары