Қазақстандық танымал журналист өмірден өтті
Танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында еңбек етіп, бірнеше сериялы деректі фильмдер мен арнайы репортаждар түсірді.
Азат Рыстанбектің соңғы жылдары «Qazaqstan» телеарнасынан шыққан Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмі, «Русафа: Маңызды миссия» арнайы жобасы, Германияның Бухенвальд және Цайтхайндағы әскери тұтқындарды жаппай қамау орындарынан дайындаған арнайы репортажы көрерменнің кең талқысына ие болды. Бұл жобалардың барлығы Корпорацияның «Алтын қорында» сақталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: