Өскеменде селфи жасамақ болған әйел көпірден құлап кетті
Өскемен қаласында селфи жасамақ болған 33 жастағы әйел көпірден құлап кетті. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қала тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасы үшін әдемі сурет түсіргісі келіп, көпірден суға құлап кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Оқиға 5 тамыз күні сағат 22.30 шамасында Крылов көшесінде болды. Полицейлер мен құтқарушыларға Үлбі өзені арқылы өтетін көпірден қыздың құлап кеткені туралы хабар түсті. Алайда мамандандырылған қызметтер келгенге дейін 33 жастағы әйел өз күшімен жағалауға шыққан», - делінген ақпаратта.
Әйел адамның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тәртіп сақшылары оны дәрігерлерге тапсырды.
Осы ретте, полиция департаментінің қызметкерлері халыққа қауіпті жерлерде селфи жасамау қажеттігі туралы ескертеді.