«Осы тілде сөйле деп мәжбүрлемеу керек»: Президент арандатушыларды айыптады

24 сәуір 2025 12:33 / Новости Казахстана

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында тіл мәселесін саяси құралға айналдырып, қоғамда алауыздық тудырғысы келетіндерге қатаң ескерту жасады,деп хабарлайды Arbat.media.

«Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады. Бұл ретте үй ішіндегі ғана емес, шетелде отырып әлдебір ұйымдардың ақшасы мен тапсырмасына деструктивті әрекетпен айналысатын арандатушылар туралы да айтып отырмыз», – деді Президент.

Ол азаматтар бір-бірін қандай да бір тілде сөйлеуге мәжбүрлемеуі керек екенін де атап өтті.

Сондай-ақ Тоқаев мемлекеттік тілдің қолданысы артып келе жатқанын айтты. Бүгінде түлектердің 80%-ға жуығы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады, ал биыл мектепке алғаш рет баратын оқушылардың 70%-дан астамы қазақ тілінде білім алады.

Серіктес жаңалықтары