Отандық ғалымдар Қазақстанға АЭС салу туралы пікірін айтты

26 қараша 2023 2:53 / Новости Казахстана

Атом энергетикасы өнеркәсіп пен ел экономикасының дамуына елеулі ықпал етеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстанда уран өнімдерін өндіру саласында барлық қажет мүмкіндік бар. Елімізге тұрақты базалық генерация және таза энергияның көзі керек. Бұл ретте АЭС салынса, ол тұтынушыларды қымбат емес әрі экологиялық электр энегиясымен қамтитын болады, - дейді отандық ғалымдар Алматыда өткен басқосуда.

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша Қазақстан 2009 жылдан бері уран өндіруден әлемде бірінші орында және уранның барланған қоры бойынша екінші орында.  

Энергия тасымалдаушылар бойынша бірінші орында бізде уран тұр, ол арзанға шетелге кетіп жатқан біздің негізгі энергия тасымалдаушымыз. Қазір елде атом энергетикасын дамыту маңызды. Бұл жобаны 90-шы жылдары бастамақ болған, бірақ қаржы блмай, іске аспаған. Екінші жоба Маңғыстауда қарастырылып, іске аспай қалды. Атом саласы бізге таңсық емес, жақсы кадрлар, әлеуетіміз бар, Ұлттық ядролық орталығы, Ядролық физика институты жұмыс істейді. Олар ұзақ жыл атом реакторларын пайдаланып келе жатыр, ал бұл реакторлар атом электр станцияларынан өзгеше емес, үлкен тәжірибе бар», - деді Тимур Жатикин.

Ол елімізде АЭС салынса, Черноболь апаты секілді апат болмайтынын айтты.

«Чернобыль апатының себебі; онда жоғары қуатты каналдық ректорлар болды. Қазір ондай реактор салмайды әрі біз ондай жоба қарастырған жоқпыз. Ал Фукусимада қайнайтын реакторлар екінші буынға жатады, ескірген. Біз тек үшінші және + үшінші буынның реакторларын қарастырдық. Бұл ретте су реакторлары сенімді конструкция ретінде ұсынылды. Егер апатты жағдай болған жағдайда, барлық радиоактивті және басқа да заттар қуатты контейнер ішінде қалады, қоршаған ортаға шықпайды, яғни заманауи реакторлар сенімді», - деді ғалым.

АЭС салу жөнінде 4 әлеуетті жеткізуші: ресейлік «РосАтом», қытайлық «CNNC», кореялық «KHNP» және франциялық «IDF» команиялары бар.

«Қазір франциялық Assystem компаняисымен бірге критерий жүйесін жетілдірдік және бізге ұсынылған жобаларға салыстырмалы талдау жасап жатырмыз. Онда жаңа мәліметтер анықталуда және онда экономикаға қатысты шешуді қажет ететін мәселелер бар. Негізі төрт компания да іс жүзінде бірдей», - деді Тимур Жантикин.

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтің айтуынша, ядролық физика институтында болашақта Қазақстанда салынатын АЭС-тің құрылымына ұқсас «су-су Қазақстан реакторы» (CCР-Қ) қондырғысы бар. Ол 60 жылға жуық уақыт болды оқыс оқиғасыз жұмыс істеп келеді. 

«Институт базасындағы негізгі қондырғылардың бірі «су-су Қазақстан реакторы» (CCР-Қ). Бүгінгі күні АЭ жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) АЭС пен атом реакторларына қоятын талабы бірдей. Ал әлемдегі ең қауіпсіз AЭС түрі — су-cу энергетикалық реакторы болып саналады. Еліміздегі жалғыз стационарлық ғылыми-зерттеу реакторы ССР-Қ 1967 жылдан бірден-бір оқыс оқиғасыз жұмыс істеп келеді. ССР-Қ зерттеу реакторының құрылымы болашақта Қазақстанда салынатын АЭС-тің құрылымы іспеттес. Алматының төменгі жағында 56 жылдан бері АЭС жұмыс істеп тұр», - деді Саябек Сахиев.

Оның айтуынша, қазақстандықтарда Семей полигонынан қалған фобия бар.

«АЭС базалық электр энегрия. Ол 100 жыл уақыт дерлік үздіксіз электр энергиямен қамтамасыз ететін болады. Меніңше АЭС салатын компанияның барлығы алғашқы 60 жылға кепілдік береді. Бірақ АЭС ең аз дегенде 80 жыл жұмыс істейді. 80 жылдың ар жағында 100 жыл да алыс емес», - деді Саябек Сахиев.

 

Серіктес жаңалықтары