Отандық өндіруші Моңғолияға техника өткізуге дайын
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында отандық өндіруші «Avagro» ЖШС қызметімен танысты. Өңірдегі дамыған аграрлық сала экожүйесіне мамандандырылған техника өндірісімен айналысатын кәсіпорындар да кіреді.Avagro зауытында 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығына арналған бүріккіш шығарылады. Оның қуаты — жылына 600 техника, 2023 жылы өндіріс көлемі 4,6 млрд теңге болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік бар. Ол үшін компанияға жаңа нарықтар қажет, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Кәсіпорын директорының орынбасары Елена Губченко вице-премьерден өсімдік шаруашылығы қазір белсенді дамып жатқан Моңғолия нарығына шығу мүмкіндігін сұрады.
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігінің өкіліне өндірушінің өнімдерін экспорттау үшін екі елдің сауда ведомстволары арасында байланыс орнатуды тапсырды.
СҚО-да қатты ірімшік өндірісі жолға қойылады — «Зенченко и К» сенім серіктестігі сүт өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту және өнімнің жаңа түрін өндіру желісін реттеу үшін сүт зауытын жаңғыртады. Күніне 500-600 келі ірімшік өндіруді жоспарлап отыр.
Қазақстанда отандық ірімшікпен қамтамасыз ету көрсеткіші небәрі 46%-ды құрайтынын ескерсек, жаңа өнім дүкен сөрелеріне үлкен сұранысқа ие болмақ.
Вице-премьер мемлекетке мұндай өндіріс орындары қажет екенін және ірімшік өндіру желісін іске қосуға қолдау көрсетілетінін айтты.
Серік Жұманғарин СҚО Қызылжар ауданындағы Петерфельд және Заградовка ауылдары маңындағы егістік алқаптарында фермерлермен кездесті. Ол шаруаларды мемлекет тарапынан қолдау шаралары туралы хабардар етті.
«Біз аграрлық сектордан ел бюджетіне қомақты салық күтпейміз. Мемлекет басшысы айтқандай, ауылдың көркеюіне қамқорлық жасап, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз еткен, ауылда өмір сүруге жағдай жасап жатқан фермерлерді әрқашан қолдаймыз. Біз өз тарапымыздан сіздерге көктемгі және күзгі егіс жұмыстары кезінде, тыңайтқыштарға, инвестициялық жобаларға, техникаға мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын көрсетуге дайынбыз және оның көлемін кезең-кезеңімен жылына трлн теңгеге дейін арттырамыз. Ең бастысы, біз қазір мемлекет тарапынан қолдаудың үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сіздердің тарапыңыздан жастарды ауылға тарту, заманауи жұмыс әдістерін енгізу, агрономияны ұстану, отандық ауылшаруашылық ғылымының, әсіресе тұқым шаруашылығының жетістіктерін пайдалану үшін адами капиталға инвестиция салуды күтеміз. Біздің тәжірибелік ауылшаруашылық стансаларымыз құрғақшылыққа төзімді және мол өнім беретін тамаша сипаттамалары бар тұқымдар әзірлейді. Біз сіздермен бірге барлық туындаған мәселелерді талқылап, шешуге дайынбыз», — деді Серік Жұманғарин шаруаларға.
Шаруаларды форвардтық астық сатып алу бағасын жариялаудан бастап, ауыл шаруашылығына жұмысшылар даярлауға дейінгі кең ауқымды мәселелер қызықтырды.
Атап айтқанда, бір шаруа белгіленген нормаларды ескере отырып, жем-шөп жинау кезінде арзанырақ дизель астықпен салыстырғанда бірнеше есе қымбатқа түсетінін атап өтті. Ал енді ол дизель отынын коммерциялық бағамен алуға мәжбүр.
Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл мәселені астық жинау науқанына байланысты жедел штабқа жеткізуді тапсырды.
Тағы бір мәселе — шаруалар ірі жобаларға «ҚазАгроҚаржының» жеңілдігі бар қаржысын жылдар бойы ала алмайды, ал шағын жобаларға тез беріледі.
Бұл сұраққа қаржы институтының басқарма төрағасы Айдар Прашев ақпараттық жүйеде барлық өтініш берушілер кезекте тұрғанын және берілген өтінімдерге қаражат түсуіне қарай төленетінін айтты.
Сондай-ақ жұмыс сапары соңында Серік Жұманғарин «Петерфельд-Агро» ЖШС және «Атамекен-Агро-Корнеевка» ірі тауарлы-сүт фермаларында болып, жоңышқа өсіру, одан жоғары сапалы түйіршіктер шығару және «Salar Farm» ЖШС-нің қызылша сығындысын өндіру жобасымен танысты.
Бұл экспортқа бағытталған Қытай, Орталық Азия және Парсы шығанағы елдерінің нарықтарында сұранысқа ие, мал азығы өнімі.
Өндіріске неміс және голланд технологиялары қолданылады. Өндіріс қуаты жылына 57 мың тоннаға дейін жеткізіледі деп жоспарланған.