"Өзімнен 14 жас үлкен жігіттің етегінен ұстадым": Актриса Сабина Мовлаева бар шындығын айтты

2 тамыз 2025 16:32 / Новости Казахстана

Танымал актриса, блогер Сабина Мовлаева жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Желі жұлдызы “Мамский әңгіме” подкастында қонақ болды.

“Жақында қызымның әкесіне өзім хабарластым. “Қызыңды көрші” деп өтіндім. Ажырасқанымызға үш жыл өтті. Сол жылдарда қызына көмектескен емес. Бірақ өте жақсы адам. Ол кісіні жамандағым келмейді. Біз ажырасқаннан кейін жарты жылдай келіп жүрді. Мен бір кеттім бе, мүлдем артыма қарамадым. Қырсықтығым мен бірбеткейлігім бар. Содан ол қырсығып қалды. Бәлкім, әдемі қоштасқанда қызымен араласып тұрар ма еді?! Қызым әкесін іздейді. Қазір қарым-қатынастары керемет болмағанымен, 2-3 айда бір рет сөйлесіп тұрады”, – деді Сабина.

Блогердің сөзінше, екінші рет тұрмысқа шығуға асықпайтын көрінеді.

“Күйеуімнің қазір отбасы бар. Ажырассам да, үш жарым жыл бірге өмір сүрдік. Шынымды айтсам, қиналдым. Жеті айдан кейін отбасын құрды. Сол кезде мен күйзеліске түстім. Екі құрбыма айтып, соларға шығарамын. Болды. Өзіме көңіл бөлдім. Ажырасқан сәтте “қызым өскенше басқа адамға тұрмысқа шығам да, сол кісіні “папа” деп айтқызамын деген ой болған. Ол ойым қате екен. Екінші рет тұрмысқа асығып шыққым келмеді. Экс жолдасым өзімнен 14 жасқа үлкен. 21 жасымда 35 жастағы жігіттің етегінен ұстадым. Маған дейін отбасын құрып, ажырасып кеткен. Қазір өзім ажырасқан, жалғызбасты әйел болсам да, ажырасқан еркекке қарағым келмейді”, – деді блогер.

Серіктес жаңалықтары