Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
30 сәуір 2026 12:22 / Новости Казахстана
Франция астанасы Париж қаласына жаяу жеткен 76 жастағы Сәрсенбай Қотыраш «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.
«Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев көрнекті жиһанкез, туризм саласының үздігі Сәрсенбай Қотырашовқа «Құрметті спорт қызметкері» атағын табыстады», деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, UlytauMan лақап атымен танымал Сәрсенбай Қотыраш Сербия, Мажарстан, Аустрия, Германия және Франция елдерін жаяу жүріп өтіп, жуырда ғана елге оралды. Сапар 3 наурызда басталған.
Жиһанкез 2022 жылы 72 жасында Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, 8 мың шақырым жолды жүріп өткен. Осы жетістігі үшін отандық КИнЭС рекордтар кітабына енді.
29 қазан 2026 17:59 / Новости Казахстана
Банк қызметкерлері заңсыз интернет-казиноларға көмектескен
29 қазан 2026 17:44 / Новости Казахстана
«Хакер Атырау» ісі: 12 адамнан 13 миллион теңге алды деп айыпталған адам сотта жауап берді
29 қазан 2026 16:28 / Новости Казахстана
Желтоқсан айынан бастап әлеуметтік төлем алып жүрген азаматтардың табысы банк арқылы тексеріледі.
29 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Бүгінде ерекше білімді қажет ететін 237 мыңнан астам бала бар, деп хабарлайды Arbat.Media.
29 қазан 2026 14:18 / Новости Казахстана
3 қарашада «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталады
29 қазан 2026 13:25 / Новости Казахстана