Перизат Қайрат аппеляциялық сотқа шағым түсірді
10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайрат аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Ол бұған дейін тағылған айыппен келіспейтінін айтқан еді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Перизат Қайраттың ісі бойынша аппеляциялық сотқа шағым түскенін адвокат Асланбек Давлетьяров растады.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 7 жылға бас бостандығынан айырылған Ғайни Алашбаеваның шағым түсірері әлі белгісіз.
Айта кетейік, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша кінәлі деп танылды:
- Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық;
- Қылмыстық жолмен алынған ақшаны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы заңдастыру;
- Аса ірі көлемдегі қаражатты заңдастыру.
Жалпы, айыптау нұсқасына сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, 3 млрд 545 млн 897 507 теңгені иемденген. Сот шешімі бойынша тәркіленген мүлік жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады.