Перизат Қайраттың көлігі мемлекет меншігіне өтті

7 сәуір 2026 17:33 / Новости Казахстана

Электронды сауда порталында өткен аукцион нәтижесінде бұрын Перизат Кайратқа тиесілі 2024 жылғы Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекеттік мекемелердің балансына өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі 777KPK01. Құжатта аккумуляторы істен шыққандықтан, техникалық жағдайы толық тексерілмегені жазылған. Автокөлік Pandora сигнализациясы бар кілтімен бірге беріледі. Іші ақ түсті былғары салонмен жабдықталған көліктің бастапқы бағасы 79,4 миллион теңге шамасында белгіленген.

Еске сала кетейік, былтыр 25 шілдеде «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды. Олар халыққа деп жиналған жылуды қалтаға басқаны үшін айыпталды. Жалпы істі қарау кезінде 47 адам жәбірленуші деп танылған.

Серіктес жаңалықтары