Петропавл қаласындағы орманда 18 жастағы жігіт суыққа үсіп қайтыс болды
Петропавл қаласының шет жағындағы орман алқабынан жоғалғанына 20 күн болған 18 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жас жігіт 14 қаңтар күні кафедегі жұмысы аяқталған соң таксимен туберкулез диспансеріне дейін барған. Кейін хабар-ошарсыз кеткен. Жігіт жоғалған кезде өңірде 30 градусқа дейін аяз болған.
18 жастағы жігіттің мәйіті емдеу мекемесінің артында орналасқан Мещан орманына табылд. Оның орманға қандай себеппен барғаны тергеу барысында анықталатын болады.
Полицияға хабар-ошарсыз кеткен жігіт туралы туысы тек 1 ақпан күні арызданған. Іздеу жұмыстарына құқық қорғау органдары, кинологтар, әскери қызметшілер, ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.
«18 жастағы қала тұрғынының мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде», деді СҚО ПД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.