Петропавл тұрғынының істеген ісі елдің жағасын ұстатты

20 наурыз 2026 15:34 / Новости Казахстана

Петропавл қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен азамат ұсталды. Алайда жәбірленушілердің кейбірі келтірілген шығынға қарамастан, ұзақ уақыт бойы полицияға жүгінбей, уәде етілген қызметтің орындалуын күткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шаралары барлық полиция бөлімшелері тарапынан жүйелі түрде жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 37 жастағы қала тұрғынының алаяқтық әрекеттерге қатысы болуы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат алған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жеке тасымалмен айналыса отырып, жолаушылардың сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесетінін ұсынған. Мұндай "делдалдық қызметтің" құны 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін бағаланған. Кейіннен әртүрлі құжаттарды рәсімдеу сылтауымен қосымша қаражат талап етілген.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алынған ақпаратты жан-жақты тексеріп, күдіктіні ұстады.

Серіктес жаңалықтары