Пойыз аяғын басып кеткен ер адам тірі қалды
Оралда пойыз аяғын басып кеткен ер адам тірі қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Белая казарма ауданындағы темір жол бойында еркекті пойыз басып кеткен дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем бригадасы рельс жанында жатқан, аяғын пойыз басып кеткен ер адамды облыстық көпбейінді ауруханаға шұғыл жеткізді. Жағдайы өте ауыр, көп қан жоғалтқан. Ес-түссіз күйде жатқан және III-IV дәрежеде травматикалық шок алған 33 жастағы ер адамға шұғыл ота жасалды. Қазір жағдайы қалыпты, ауыр. Жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды», деп хабарлады ведомстводан.
Аталған дерек Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігімен, яғни темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тіркелді. Тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.