Пойыз терезесінен нәрестесін лақтырып жіберген әйел туралы тың дерек шықты
24 сәуір 2025 9:33 / Новости Казахстана
Пойыз терезесінен нәрестесін лақтырып жіберген әйел туралы бейресми ақпараттар шықты, деп хабарлайды Arbat.media.
Buzyq телеграм-арнасының бейресми мәліметінше, әйел шамамен 30 жаста, Қазалы бекетінен пойызға мінген.
Қарағанды бекетінен кейін жолаушы жолсеріктің едендегі қанды жуғанын байқап, ізді бақылай келе, купеде жатқан, төсегі қан болған әйелді көреді. Сұрақ қоя бастаған соң, әйел кінәсін мойындаған.
Полиция оны оқиға орнында ұстады, босанған әйелге медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы «тұрақты» деп отыр. Дегенмен оның қамауда, болмаса үйқамақта екені әзірге белгісіз.
Ал нәресте пойыз жолының бойында өлі табылды. Тірі туылғаны немесе өлі туғаны әлі анықталған жоқ.
9 қараша 2026 12:18 / Новости Казахстана
Астанада стендап-комик айыппұл арқалады
9 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
Тойдан қайтқан жолаушылар мінген көлік өзенге құлап, 71 адам қаза тапқан
9 қараша 2026 10:20 / Новости Казахстана
Орал маңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
9 қараша 2026 9:15 / Новости Казахстана
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана