Полицейлер қарт әйелдің қабырғасын сындырды
Полицейлер қарт әйелді пәтерінен күштеп шығарып, қабырғасын сындырып жіберген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Алматы облысында болды. Желіде тараған видеодан екі полиция қызметкерінің 77 жастағы әжейді подъезге қарай итеріп шығарғанын көруге болады. Кейін әйелдің ауырсынған даусы естіледі.
Пост авторының айтуынша, аудандық аурухана дәрігерлері әйелді толық қараудан бас тартып, тек ауырсынуға қарсы укол ғана салған. Кейін туыстары оны қалаға апарғанда, дәрігерлер қабырғасы сынғанын анықтаған. Бұл ақпаратқа медициналық анықтама қоса берілген.
Алматы облысының полиция департаменті әйелдің мемлекеттік органдардың заңды талабына бағынбағанын айтып, соның салдарынан жанжал шыққанын хабарлады.
Дегенмен ведомство полицейдің әрекетін дөрекі және заңсыз деп танып, қызметтік тергеу тағайындалғанын мәлімдеді.