Президент қорғаныс министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
ҚР қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы есеп берді .
Дәурен Қосанов армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берді.
Президент Қосановқа әскердің ұтқырлық деңгейін арттыруды, әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамытуды ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.