Психдиспансерде есепте тұрған адам автобус жүргізіп келген

28 қазан 2023 9:00 / Новости Казахстана

СҚО прокуратурасы жүргізген тексеріс кезінде Петропавлда психдиспансер есебіне алынған ер адам қоғамдық автобус жүргізіп, жолаушы тасымалдағанын анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстың қадағалау органы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында былтыр мен биылғы жол-көлік оқиғалары мен жарақаттануды азайту жұмысын қорытындылады.

СҚО-да жол-көлік оқиғалары саны — 17,5%, ал зардап шеккен адамдар саны — 16,8% өскен.

«Тексеріс барысында жол қозғалысы саласындағы заңнама талаптарын жүйелі бұзу фактілері анықталды. Жергілікті атқарушы органдар „Жол қозғалысы туралы“ ҚР Заңының 24-бабының талаптарына қарамастан, полиция органдарының 79 жазбаша нұсқамасы бойынша оларды жою бойынша шара қабылдамаған» дейді прокуратура өкілі.

«Облыс орталығында маршруттық автобустың жүргізушісі осы жылдың 2 мамырынан бастап психикалық денсаулық орталығында есепке алынған, соған қарамастан автобусты басқарды, осылайша қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді».

 

Серіктес жаңалықтары