Қайрат Боранбаев Алматыдағы ірі сауда орталығы мен бірқатар нысанды мемлекетке қайтарды

18 қазан 2023 12:33 / Новости Казахстана

«Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.

Оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС.

«Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.

Сондай-ақ, «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті», - делінген агенттік хабарламасында.

Мәлім етілгендей, аталған нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Енді ол нысандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын болады.

Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім етті.

Автор
Серіктес жаңалықтары