Қайтарылған активтерден сумен жабдықтау жүйесін салуға 1 млрд теңге бөлінді

28 сәуір 2025 12:04 / Новости Казахстана

Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларында сумен жабдықтау жүйесін салуға 1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Арнаулы мемлекеттік қор Қосшы қаласында су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға 476,7 млн теңге бөлді. Жобаны іске асыру нәтижесінде халық 100% орталықтандырылған сумен қамтылады. Қазіргі таңда шамамен 50 шақырым құбыр тартылған. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру көзделіп отыр. Аталған инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген. Ал ресми деректерге сәйкес, бүгінде Қосшыда 50 мыңнан астам адам тіркелген. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2038 жылға қарай тұрғындар саны 150 мыңнан асады деп болжануда.

Сонымен қатар қайтқан қаражаттан Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 72,7 шақырым желі тарту қарастырылған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен бүгінде 45 шақырым бойынша жұмыс аяқталған.

Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 606,4 млн теңге жобаны толық аяқтауға, халықты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары