“Қайтыс болды”: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

7 сәуір 2025 11:10 / Новости Казахстана

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Полиция дерегінше жол апаты 5 сәуір күні "Қызылорда–Павлодар" автожолының 1153-шақырымында болған.

“ CHEVROLET COBALT маркалы автокөліктің жүргізушісі , алдын ала мәлімет бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, рөлді басқара алмай, көлік құралының жол жиегіне аударылып кетуіне себеп болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері тергеу барысында анықталады.

Сонымен қатар Павлодар облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары