Қанат Бозымбаев пен Роман Скляр жетекшілік ететін сала
Премьер-министр Олжас Бектенов орынбасарлары Қанат Бозымбаев пен Роман Скляр жетекшілік ететін салаларды атады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.
«Өздеріңіз білетіндей, Үкімет құрамында өзгерістер болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бозымбаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. Қанат Алдагербенұлы өңірлік саясат, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, су реурстары және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Ал Роман Скляр құрылыс, энергетика, көлік инфрақұрылымы, логистика, өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, инвестициялық жобаларды іске асыру және тағы басқа ауқымды мәселелермен айналысады. Бұл Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыру жағдайында аса маңызды саналады», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлар министрімен бірге өңірлерде жағдайды тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың тікелей басында-қасында жүр.