Қаңтарда Айкөркемді өлтірді деп айыпталған әскери ақталды
16 қараша 2023 12:00 / Новости Казахстана
Әскери прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркемді өлтірді деп айыпталған Арман Жұманға шыққан үкіммен келіспейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
15 қарашада Алматы гарнизоны әскери соты Арман Жұманға үкім шығарып, оны ақтады.
Ол қару қолдану арқылы билігін асыра пайдаланып, кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған және екі адамның денсаулығына зақым келтірді деген айыппен сотқа тартылған болатын.
Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Жұманды тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Прокурор үкімнің күшін жою жөнінде апелляциялық шағым түсіреді.
Суретте Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем.
2 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана
Астанада шетелдіктерден бір келіден астам есірткіге ұқсас зат тәркіленді
2 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
2 қарашада ауа райы қандай болады?
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, ал қызметкерлерден стафилококк табылды
30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді
30 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 қазан 2026 16:18 / Новости Казахстана