Қарағандыда 8 наурыз күнгі жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды

14 наурыз 2024 10:34 / Новости Казахстана

Әйелдер мерекесінде он шақты адам дәмхананың ойранын шығарған. Қарағандыда 8 наурыз күнгі жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды. Әйелдер мерекесінің шырқын бұзған он шақты адам дәмхананың ойранын шығарған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Бұл қырғынның неден басталғаны да қызық. Мереке кешінде алдымен ортада билеп жүрген екі әйел ерегесіп, бір-бірінің шашын жұлған. Сәлден кейін оған екі жақтан еркектер қосылыпты. Осылайша қып-қызыл төбелес басталған. Жұдырығына сенбегені қолына ілліккен затымен ұрып жүр. Біреуі орындықпен тоқпақтаса, екіншісіыдыс-аяқпен «қаруланған». Ұрысқа әйелдер де белсене араласты.

Шықыртуға келген полицейлер істі насырға шаптырмай төбелесті тоқтатқан. Төбелеске қатысқан 8 адам полицияға жеткізілді.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Оқиға орнына дер кезінде келген жасағымен кафеде қоғамдық тәртіпті бұзған 8 адам ұсталып, олардың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылып, ауыр жағдайға жол берілмеді. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеуде оқиғаға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне баға беріліп, нақты процессуалды шешім қабылданады.

 

Серіктес жаңалықтары