Қарағандыдағы полиция бекетінде ес-түссіз табылған майор ауруханадан шықты
Қарағандыда полиция бекетінде 23 жастағы қыздың мәйіті мен ес-түссіз учаскелік полиция инспекторы табылған еді. Полицей есін жиып, ауруханадан шықты. Ол жұмысынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазір ер адам толық қалпына келді.
Ол қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болады. Қыз неден қайтыс болғаны және майордың неге ондай күйге түскені әзірге белгісіз. Мемлекеттік органдардың ешқайсысы ресми түрде түсініктеме бермеді.
Айта кетейік, оқиға 29 қыркүйекке қараған түні болған. Майор өз танысын тірек пунктіне шақырған. Бұған дейін де ол қызды түнгі кезекшілік кезінде жұмысына ертіп әкелген.
Келесі күні, 30 қыркүйекте, аға учаскелік инспектор қыздың мәйіті мен ес-түссіз үстел басында отырған әріптесін тапқан. Дәрігерлер ер адамды аман алып қалды, қазір ол ауруханада жатыр.