Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады
27 шілде 2024 22:38 / Новости Казахстана
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады. – Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Айта кетейік, бүгін қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидзеден (Франция) басым түсіп, Қазақстан тарихындағы дзюдодан алғашқы Олимпиада алтынын олжалады.
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана
Тағы 3 өңірде орташа жылдамдықты бақылау камералары іске қосылады
6 қараша 2026 14:19 / Новости Казахстана
Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды
6 қараша 2026 13:14 / Новости Казахстана