QAZAQ TILI Endowment қорына 500 млн теңге жиналды

16 қаңтар 2024 10:12 / Новости Казахстана

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлының мәлімдеуінше, QAZAQ TILI Endowment қорына 500 млн теңге жиналған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ары қарай тыныс-тіршілігіне демеу көрсететін, негіз болатын Endowment деген қор құрылды. Қорға Мемлекет басшысы бірінші болып өз қалтасынан жарна салды. Сол жолмен қазіргі уақытта кәсіпкерлер, қоғам өкілдері қаражат аударып жатыр. Бүгінде жарты млрд теңгедей қаражат жинақталды. Ол қаражат жұмсалмайды, басқарылады. Осы арқылы қор біздің күнделікті қызметімізге, түрлі жобаларымызға негіз болады», - деді ол.

Қоғамдық бірлестік президентінің атап өтуінше, мұндай қор әлемнің көптеген елінде бар.

«Мәселен, Түркияда «Тіл» қоры бар. «Тарих» қоры да жұмыс істейді. Ұлыбританияда British Council, испан тілін қолдаумен айналысатын Сервантес институты, Қытайда Конфуций институты, Ресейде «Руский мир» қоғамдық қоры бар. Сондықтан осы тәжірибені Қазақстанға әкеліп, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігіне енгізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қолдау көрсетіп жатқан азаматтар аз емес. Бірақ, біздің ойымызша, бұл үлкен бастамалардың алғашқы қадамы ғана», - деді Рауан Кенжеханұлы.

Серіктес жаңалықтары