Қазақстан «Авраам келісіміне» қосылады

7 қараша 2025 9:33 / Новости Казахстана

Қазақстан «Авраам келісіміне» қосылады. Бұл ақпаратты бірінші болып американдық Axios Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып жазды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақ үйдегілер Қазақстанның келісімге қосылуы Газа секторындағы соғыстан кейін Израильді халықаралық қолдауды қалпына келтіру бағытындағы алғашқы қадам болатынын атап өтті.

«Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың берік жақтаушысы ретінде белгілі.

Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен, соның ішінде Таяу Шығыс мемлекеттерімен және Израильмен сындарлы ынтымақтастықты дамытуда.

«Авраам келісіміне» қосылу — Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының табиғи, қисынды жалғасы», - деп хабарлады Ақорда.

«Авраам келісімі» — 2020-2021 жылдары Израиль мен бірнеше араб мемлекеттері арасындағы қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбітшілік келісімі.

Серіктес жаңалықтары