Қазақстан бітімгершілік күштері Сирияға алғашқылардың бірі болып жетеді

23 наурыз 2024 13:30 / Новости Казахстана

Біріккен Ұлттар Ұйымы күштерінің бөлінуді бақылау миссиясының қолбасшылығы (СООННР - UNDOF) Голан биіктіктерінде ҚР Қарулы күштерінің ұлттық бітімгершілік контингентін жеткізу және орналастыру қызметін жоғары бағалады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Қазақстанның бітімгершілік контингенті СОННР басшылық құрамынан және әртүрлі елдердің қатардағы әскери қызметшілерінен жеке құрамды өз техникасымен, қару-жарағымен және материалдық-техникалық қорымен жылдам көшіргені үшін жоғары бағаға ие болды.

СОННР қолбасшылығы атап өткендей, уақытша және тұрақты орналасу орнында жедел жеткізу ең қысқа мерзімде жүзеге асырылған.

СООННР миссиясы штабының бастығы, Гана қарулы күштерінің полковнигі Уильям Нортидің айтуынша, Сирия аумағына толық құрамда жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап, қазақстандық контингентті барлық техникасымен бірге көшіру БҰҰ бітімгершілік күштеріндегі қызметі тарихындағы ең жылдам және ұйымдасқан жұмыс болды.

Бұған дейін қосымша қауіпсіздік мақсатында СОННР аймағында болған шетелдік контингенттер өз күштерін Ливан аумағы арқылы тасымалдайтын, бұл Сирияға тасымалдау міндетін қиындатты және тиімділікке де айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте өңірде он жылдық тәжірибесі бар ирландиялық бітімгершілік күштер бұрынғы маршрут бойынша өз еліне қайтады.

Полковник У. Норти уақытша СООННР миссиясының қолбасшысы қызметін атқаруда. Ол 1993 жылдан бері Қарулы күштерде қызмет етеді.

«ҚР Қарулы күштері жеке құрам мен техниканы тікелей Сирияға кәсіби, қауіпсіз және жедел тасымалдады, бұл Голан жотасына тасымалдау кезіндегі қаржылық және уақытша шығындарды айтарлықтай қысқартты. Бұл қазақстандық бітімгершілік ротаның жеке құрамының кәсібилігінің, білімі мен тәртібінің жоғары деңгейін көрсетеді. Қызметті ұйымдастырудағы жеделдігі мен тиімділігі үшін Қзақстанның Қорғаныс министрлігінің қолбасшылығы мен Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне алғыс білдіреміз», - деп атап өтті СОННР қолбасшылығы.

Сонымен бірге, Сирия аумағындағы жергілікті халық қазақстандық бітімгерлерді жылы қарсы алған. Жергілікті тұрғындар Қазақстанның әскери күштері Таяу Шығыстың жекелеген мемлекеттерінде тәртіпті қамтамасыз ету сынды маңызды жұмыс үшін келгенін түсінеді.

Серіктес жаңалықтары