Қазақстан мен Өзбекстан арасында жасырын жер асты жолын салғандарға үкім шықты

20 тамыз 2025 15:36 / Новости Казахстана

Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жерасты құбыры арқылы заңсыз жұмыс істеген қылмыстықтопқа үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Іс материалдары бойынша, 2024 жылдың шілдесінде жергілікті тұрғын Өзбекстан азаматы Р. - мен трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастыру үшін сөз байласқан. Топқа тағы бірнеше адамды тартады.

Сарыағаш ауданы Сарқырама ауылының аумағында олар Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын ұзындығы 375 метр жерасты құбырын салды. 2024 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін құбыр арқылы АИ-92 маркалы 420,3 тонна жанар май заңсыз жөнелтілді. Отынның жалпы құны 112 миллион теңгеден асты.

Қылмыстық топты ұйымдастырған адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тағы 3 адам 13 жылға сотталды. Олардан үш миллион теңге, 16 мың литр АИ-92 жанармай, сондай-ақ ЗИЛ және ГАЗ маркалы жүк автомобильдері тәркіленді. Барлық мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді.

 

Серіктес жаңалықтары