Қазақстан мен Түрікменстан Трансауған дәлізін салады

11 қазан 2024 13:00 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Президенттің ресми сапары аясында бүгін Ашхабадта қол қойылған көлік саласына қатысты үкіметаралық келісімшарттар туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысының ресми сапары аясында көлік саласында 4 құжатқа, 2 меморандум және 2 үкіметаралық келісімге қол қойылды. «Екі меморандумның бірі – Қазақстан және Түрікменстан аумағы арқылы әрі қарай Ауғанстанға қарай темір жол салу мәселесі, Трансауған арнайы көлік дәлізін салу. Екіншісі – Қазақстанның ашық аспан қағидасын қолдана отырып, Қазақстан мен Түрікменстан арасында тікелей әуе қатынасын ұйымдастыру», - деді М. Қарабаев, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін екі ел арасында автокөлікпен ауыр жүк тасымалдайтын кәсіпорындар арнайы рұқсат құжатын алуы қажет еді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бүгінгі үкіметаралық келісімге сәйкес, осы арнайы рұқсат түбегейлі жойылады.

Оған қоса, екі министрлік арасында көлік және логистика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту шартына қол қойылды.

Еске сала кетсек, келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларация қабылдады.

Серіктес жаңалықтары