Қазақстан нарығына жаңа такси қызметі кіруі мүмкін
20 тамыз 2024 15:43 / Новости Казахстана
Эстониялық Bolt компаниясы такси саласында Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Басқа да халықаралық агрегаторлар да біздің нарыққа кіруді пысықтап жатыр. Мәселен, Bolt компаниясынан ұсыныс болды. Бұл эстониялық компания Еуропадағы өте танымал. Олар бізге хабарласып, еліміздің нарығын қарастырып отыр. Егер осы компания бұл қызметті іске қосу туралы шешім қабылдаса, біз оларды қолдаймыз», - деді М. Қарабаев, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Оның пайымынша, жаңа компания нарыққа кірсе, осы бәсекелестік елімізде такси тарифін төмендетуге ықпал етеді.
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана
Тағы 3 өңірде орташа жылдамдықты бақылау камералары іске қосылады
6 қараша 2026 14:19 / Новости Казахстана
Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды
6 қараша 2026 13:14 / Новости Казахстана