Қазақстан қайтарылған активтерді сатудан қанша табыс тапты

22 қазан 2024 11:58 / Новости Казахстана
Коллаж: Kazinform

Қазақстандағы активтер мемлекеттік мүлік тізілімі порталы арқылы сатылады. Ал, шетелде орналасқан активтерді сату сол елдің заңнамасына сәйкес іске асырылады. «Бүгінгі таңда «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС өз қызметінде келесі нәтижелерге қол жеткізді. 2024 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша Қорға 6,5 млрд теңге аударылды. Осы соманың 6,3 млрд теңгесі активтерді сатудан, ал 255 млн теңгесі активтерді басқарудан (жалға беру) түскен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қаржы министрлігі жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Министрлік мамандарының айтуынша, активтерді сатудан және басқарудан түсетін түсімдердің көлемін болжау қиын. Өйткені, сату процесі көптеген факторға байланысты және сатылымның мерзімдері мен сомалары нарықтық жағдайға және келісімдер шарттарына қарай өзгеруі мүмкін.

«Басқарушы компанияның балансына қабылданатын активтердің жалпы құны - 90,4 млрд теңге, оның 87,5 млрд теңгесі (97%) баланста, ал 2,9 млрд теңгесі (3%) қабылдау процесінде. Қазақстандағы активтер www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімі порталында сатылады. Шетелде орналасқан активтер сол елдің заңнамасына сәйкес сатылып, іске асырылады», - делінген министрлік мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары