Қазақстан визасыз елдер тізімін 82-ге дейін кеңейтті

26 желтоқсан 2023 10:00 / Новости Казахстана

Қазақстандық паспорттың мәртебесін арттыру жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жылдың қорытынды брифингінде баяндады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, 2023 жылы визасыз елдер тізімі түрлі санаттағы паспорттар бойынша 82 мемлекетке дейін кеңейтілді, соның ішінде 29 мемлекет ұлттық паспорттар бойынша кеңейтілді.

Паспорттардың түрлі санаттары бойынша 3 жаңа елмен өзара визасыз режим туралы келісімдер жасалды, олар: Бангладеш (дипломатиялық және қызметтік паспорттар бойынша), Сейшел Аралдары және Сан-Марино (паспорттардың барлық түрлері бойынша).

«Қытай және Вьетнаммен ұлттық паспорт иелеріне визалық талаптардан босату туралы келісімдерге қол қойылды. ҚХР-мен визасыз режим күшіне енді. Вьетнаммен визасыз режим жақын арада тараптар барлық қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтаған соң басталады», - деп түсіндірді А. Смадияров.

Қазақстандық азаматтар үшін Еуропа одағымен визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша ресми консультацияларды бастау туралы уағдаластыққа қол жетті.

ҚР азаматтары үшін еуропалық виза режимін жеңілдетудің бірінші кезеңдері ретінде: визалық алымды төмендету; өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту; көпмәртелі визалардың қолданылу мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары