Қазақстанда 26 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген

30 қараша 2024 4:24 / Новости Казахстана
Фото: pixabay

Ұлттық статистика бюросы ұялы байланыс абоненттерінің санына қатысты деректі жариялады. «2024 жылғы 1 қарашаға Қазақстанда 26 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% көп. Абоненттердің жалпы санының 18,7 млн-ы интернетке қосылған, бір жылдағы өсім — 4,8%, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 129 бірлікті құрады, оның ішінде 93 абонент интернет желісіне қосылған», — деп жазды статбюродан.

2024 жылғы қаңтар-қазан аралығында ұялы байланыс саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 191,3 млрд теңгеге жеткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% төмен.

Дерекке қарағанда, биылғы 10 ай ішіндегі жалпы байланыс саласындағы қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті, оның ішінде 52,5% интернет қызметтеріне тиесілі.

 

Серіктес жаңалықтары