Қазақстанда баспана бағасы шарықтамақ

16 сәуір 2025 9:12 / Новости Казахстана

Елімізде бастапқы тұрғын үй бағасы ҚҚС (қосымша құн салығы) салдарынан күрт өседі, деп хабарлайды Arbat.media.

Мамандар осы мәселені көтеріп, дабыл қағуда. Олардың айтуынша, жыл соңына дейін жылжымайтын мүлік ай сайын 0,5–1% аралығында қымбаттауы мүмкін.

Ал келесі жылдан бастап жаңа тұрғын үйлердегі шаршы метрдің бағасы бұдан да жоғары болуы мүмкін. Егер салық кодексіне өзгерістер енгізілсе, тұрғын үйдің бағасына ҚҚС-тың да әсері болады.

“ҚҚС-қа байланысты бағаның өсуі болады. Өкінішке қарай, тұрғын үйге 100% ҚҚС енгізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, құрылысын 2025 жылдың 2 қаңтарында бастаған құрылыс компаниялары да ҚҚС төлеуге мәжбүр болуы мүмкін. Бұл дегеніміз – жаңа кодекс қабылданғаннан кейін олар қосымша 12% салық төлеуге тиіс болады. Осы факторлар негізінде тұрғын үй бағасының өсуі сөзсіз”, дейді Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков.

Серіктес жаңалықтары