Қазақстанда «ең бай зейнеткер» ай сайын қанша алады?

27 наурыз 2024 10:34 / Новости Казахстана

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында бір жылдағы ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 200 мыңға көтеріліп, 945 752 теңгені құрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 34 075 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 945 752 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 065 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңгені құраған еді», делінген хабарламада.

Айта кетсек, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 млрд теңгеге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 млрд теңге жұмсалды.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге.

Серіктес жаңалықтары