«Қазақстанда кім жәрдемақыдан қағылуы мүмкін»: Светлана Жақыпова жауап берді

10 қыркүйек 2025 21:18 / Новости Казахстана

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет кулуарында қай санаттағы азаматтар жәрдемақыдан айырылуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Светлана Жақыпованың жауабына сүйенсек, мемлекеттен қаржылай көмек алушылардың кез келген санатын жәрдемақыдан айыру туралы айту әлі ерте. Оның айтуынша, бұл шешім бірнеше мемлекеттік органның кеңесінде талқыланып, қабылданады.

"Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар азаматтарға 117-ге жуық қолдау шарасын көрсетіп жатқаны туралы мәлімет жинадық. Президенттің айтқанына қолдау шараларының әр өңірде әртүрлі сипатта және түрлі бюджеттік мүмкіндіктерге байланысты болуы дәлел.

Біз бірыңғай әлеуметтік стандарт қабылдауға тиіспіз, ал бұл стандарттар белгілі бір аймақ үшін немесе жекелеген азаматтар үшін емес, берілген қолдау түріне мұқтаж барлық қазақстандыққа жұмыс істеуі керек", - деп жауап берді Жақыпова.

Серіктес жаңалықтары