Қазақстанда оқушылардың күзгі каникулы қашан басталады?
2 қазан 2025 21:14 / Новости Казахстана
Қазақстанда бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Алда мектеп оқушыларын жеті күндік күзгі каникул күтіп тұр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады.
Оқу процесі 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
- Бірінші тоқсанда оқу уақыты — 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады.
- Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күнді құрайды.
- Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.
- Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
24 тамыз 2026 18:23 / Новости Казахстана
Қостанайда қайын әпкелері келініне зорлық-зомбылық көрсеткен
24 тамыз 2026 17:18 / Новости Казахстана
Аша Матай мен Тамара Асар депутат болмайтын болды
24 тамыз 2026 15:16 / Новости Казахстана
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
24 тамыз 2026 14:25 / Новости Казахстана
Атырауда мейрамхана есепшісі 44 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
24 тамыз 2026 12:08 / Новости Казахстана
Көз жұмған 19 жастағы келіншектің қайын сіңілісі туралы тың дерек тарады
24 тамыз 2026 11:18 / Новости Казахстана