Қазақстанда орташа жалақы – 382 279 теңгені құрады

15 мамыр 2024 10:00 / Новости Казахстана

2024 жылғы I тоқсандағы Республика бойынша жалақының орташа мәні — 382 279 теңгені құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім: Атаулы мәнде — 12,3% Нақты мәнде — 2,7% Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша — 251 997 теңгені құрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал, өңірлерде 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі Батыс Қазақстан облысында — 18,2%-ға, Алматы қаласында — 16,4%-ға, Ақтөбе облысында — 16,1%-ға, Павлодар облысында — 15,9% байқалған, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі», —деп ескертеді Ұлттық статистика бюросы.

Б

Серіктес жаңалықтары