Қазақстанда полицияға ұстатпай жүрген екі педофилдің суреті тарады

28 сәуір 2025 13:43 / Новости Казахстана

Ақтауда іздеуде жүрген екі педофилдің суреті тарады. Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Мына қағазды таң атпай чаттарға таратып жатыр. Менің 250 адам отырған вастап чатыма оқырмандарым жіберіпті. Сонымен @up_aktau_polisia, @qriim_mvdrk бұл Педофилдер қайда жүр?? Неге осы Педофилге келгенде бәрің керең , соқыр болып қаласындар, өтірік таба алмай қаласындар? Ақтау тұрғындары неге бұларды тапқанша балалары үшін алаңдап, қорқып отыру керек?», - деп жазды адвокат.

Ләззат Рақышева педофилдерді ақтап, өзіне шабуыл жасайтындарын үстінен арыз жазатынын да айтты.

«Біздің қоғамға ПедофилдердI асырап мүлде қажеті жоқ, оларды түрмеде халықтың ақшасына не үшін асырау керек? Қоғамға олардың қандай пайдасы бар? Соларға шығындалған ақшаны зорланған балалардың еміне беру керек!», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары