Қазақстанда полицияға ұстатпай жүрген екі педофилге қатысты тың дерек шықты
Маңғыстау облысында іздеуде жүрген 2 педофилдің бірі Атырау облысында ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Маңғыстау аудандық полиция белімінің баспасөз кызметі ақпаратты растады.
Полиция мәліметінше, ішкі істер органдары тиісті шараларды қабылдаған. Ал екінші адамға қатысты кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жургізілуде.
Бұған дейін Ақтауда іздеуде жүрген екі педофилдің суреті тараған еді. Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева мәлімдеді.
«Мына қағазды таң атпай чаттарға таратып жатыр. Менің 250 адам отырған вастап чатыма оқырмандарым жіберіпті. Сонымен @up_aktau_polisia
@qriim_mvdrk бұл Педофилдер қайда жүр?? Неге осы Педофилге келгенде бәрің керең , соқыр болып қаласындар, өтірік таба алмай қаласындар? Ақтау тұрғындары неге бұларды тапқанша балалары үшін алаңдап, қорқып отыру керек?», - деп жазды адвокат.
Ләззат Рақышева педофилдерді ақтап, өзіне шабуыл жасайтындардың үстінен арыз жазатынын да айтты.
«Біздің қоғамға ПедофилдердI асырап мүлде қажеті жоқ, оларды түрмеде халықтың ақшасына не үшін асырау керек? Қоғамға олардың қандай пайдасы бар? Соларға шығындалған ақшаны зорланған балалардың еміне беру керек!», - деді ол.