Қазақстанда қазақ ұлтының үлесі 70,4 пайызға жетті

2 қараша 2023 13:23 / Новости Казахстана

Қазақтардың үлесі 70,4% дейін өсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтардың саны — 13,4 млн.

2009 жылдан бергі өсім — 33,7% (10 млн — 2009 жылы), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар — 2,9 млн, өзбектер — 614 мың, украиндар — 387 мың және ұйғырлар — 290 мың адам кірді.

Санақ қорытындысы бойынша еліміздегі этностар саны — 124. 

Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар.

2021 жылғы сауалнамаға ұлтты «көрсетпеу» жауап нұсқасы қосылған.

Осылайша 24,8 мың адам өз ұлтын көрсетуден бас тартқан.

2021 жылы санақ кезінде «басқа ұлт» жауабын таңдағандар 47,5 мың адамды құрады, ал 2009 жылы мұндай адамдардың 8-і болған.

Серіктес жаңалықтары