Қазақстандық бітімгерлер Малиден елге оралды

1 қараша 2023 10:00 / Новости Казахстана

БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясының құрамында (МИНУСМА) бір жыл қызмет еткен Қазақстан Қарулы күштерінің екі әскери қызметшісі елге оралды, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Африка Республикасында олар штаб офицерлері ретінде қызмет атқарған.

«Миссия барысында біз ақпарат жинап, талдау жасадық. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша штабқа ұсыныстар дайындадық, жауапкершілік секторларында БҰҰ базаларының дайындығын тексердік», – деді бітімгер Ермек Төлесов.

Қазақстанға келгеннен кейін подполковник Е. Төлесов Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында оқытушылық қызметін жалғастырады. Ол БҰҰ-ның басқа миссиялары үшін бітімгерлерді дайындаумен айналысып, тәжірибе бөлісетін болады. Себебі, Ермек Төлеуов Малиден басқа, бірнеше жыл бұрын Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясында қызмет еткен.

Серіктес жаңалықтары